Павлодар аудандық мәслихатының № 3 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                   4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Павлодар облысының Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар аудандық мәслихатының № 3 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Павлодар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Zaman tynysy» мен «Нива» газеттерінде орналастырылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                             К. Абушахманов                                                                

Комиссия  хатшысы                                        А. Вакпаева

 

Дата публикации
31 января 2024