Павлодар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№ 71/315 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
шешім жобасына
баcпасөз-релизі
Павлодар аудандық мәслихатының «Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 71/315 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Павлодар ауданында мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2020 жылғы 4 тамызда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.