Павлодар ауданы әкімдігінің 20__жылғы «Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» _____№ қаулысының жобасына баспасөз релизі

Павлодар ауданы әкімдігінің 20__жылғы «Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» _____№ қаулысының жобасына баспасөз релизі

 

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

 

 

Жоба 2024 жылы 24 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14905484

 

 

Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

осы қаулының 1-12 қосымшаларына сәйкес Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдау схемалары;

осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдау тәртібі бекітілсін.

  1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 223/7 қаулысының және негізгі номартивтік-құқықтық актіге кейінгі өзгерімтер және (немесе) толықтырулар осы қаулыға 14-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудан әкімі                                                                            Н. Дычко

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
1-қосымша

 

Жаңа қала ауылында тұратын балаларды № 2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

     № 2 Чернорецк

           ЖОББМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа қала ауылы

L – 18 шақырым

 

 

 

 

 

Шартты белгілер:

  • № 2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «__» __________
№ __________ қаулысына
2-қосымша

 

Заңғар, Коряковка, Даниловка ауылдарында тұратын балаларды Ефремовка жалпы орта білім беру мектебіне  тасымалдау схемасы

 

Даниловка ауылы

L – 22 шақырым

                   

     

 

 

 

 

 

Ефремовка ЖОББМ

 

 

 

                                                              

                                                                                                                                                  Коряковка ауылды

                                                                                                                                                  L – 57 шақырым

       Заңғар   ауылы

  L – 30 шақырым

 

           

Заңғар ауылы

L - 36 шақырым

 

  • Ефремовка жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
3-қосымша

 

Коряковка ауылында тұратын балаларды

Заңғар жалпы орта білім беру мектебіне  тасымалдау схемасы

 

Заңғар

  ЖОББМ

 

 

 

 

                                      

     

 

 

 

 

 

 

 

 Коряковка ауылы           

  L –32 шақырым

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Заңғар жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
4-қосымша

 

Ближнее, Бірлік, Жертұмсық ауылдарында тұратын балаларды Заря жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

Заря ЖОББМ

 

 

 

                                      

     

 

Ближнее ауылы

L – 2 шақырым

 

 

 

     Бірлік ауылы

    L – 6 шақырым

 

 

 

                                                              

 

 

Жертұмсық ауылы  

    L – 18 шақырым

 

                         

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Заря жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
5-қосымша

 

Әйтім, Қаратоғай ауылдарында тұратын балаларды Ямышев жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

Ямышев ЖОББМ

 

 

 

 

                                      

     

 

 

 

     Әйтім ауылы

   L – 6 шақырым

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

  Қаратоғай ауылы  

   L – 34 шақырым

 

                         

 

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Ямышев жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
6-қосымша

 

Станция Красноармейка, Шанды ауылдарында тұратын балаларды

Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

Кемеңгер ЖОББМ (2 корпус)

 

 

Кемеңгер ЖОББМ (1 корпус)

 

 

 

 

                                      

                                          0,7 шақырым

 

 

 

Красноармейка             станциясы

  L – 2,7 шақырым

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

   Шанды ауылы  

  L –  6 шақырым

 

                  

 

 

Шартты белгілер:

  • Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

  • темір жол

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
7-қосымша

 

Аққұдық ауылында тұратын балаларды Богдановка негізгі жалпы білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

Луганск ЖОББМ

       

  

 

    

     

 

 

 

Богдановка НЖББМ

 

 

 

 

 

 

 

 

   Аққұдық ауылы

    L – 26 шақырым

 

 

 

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Богдановка негізгі жалпы білім беру мектебі
  • Луганск жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
8-қосымша

 

Мичурин, Үміт апа  ауылдарында тұратын балаларды Мичурин жалпы орта білім беру мектебіне  тасымалдау схемасы

 

Мичурин ЖОББМ

 

 

 

 

                                      

     

 

  Үміт апа ауылы  

  L – 64шақырым

 

  Мичурин ауылы

 L –7 шақырым

 

                                                                                                                                                                                    

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

 

               

 

Шартты белгілер:

  • Мичурин жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
9-қосымша

 

Максимовка ауылында тұратын балаларды

Розовка жалпы орта білім беру мектебіне, Розовка ауылында тұратын балаларды Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінде тасымалдау схемасы

 

Розовка ЖОББМ

 

 

 

 

    

     

 

 

 

 

 

 

 Ефремовка ауылы

 L – 22 шақырым

 

                                                              

 Максимовка ауылы  

 L – 44 шақырым

 

                                                                                                                                                      

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Розовка жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
10-қосымша

 

Достық, Қаракөл ауылдарында тұратын балаларды №1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

№1 Чернорецк  ЖОББМ

 

 

 

 

                                      

     

 

 

 

  Достық ауылы

  L – 7,8 шақырым шақырым

 

                    

                                                              

 

 

 

 

   Қаракөл ауылы  

  L – 17 шақырым

 

                         

 

 

 

Шартты белгілер:

  • №1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
11-қосымша

 

Сычевка, Черноярка ауылында тұратын балаларды Черноярка жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

 

 

 Черноярка ауылы

  L – 6,2 шақырым

 

                                      

     

 

 

 

Черноярка  ЖОББМ

 

 

 

 

                                                              

 

 

 

 

   Сычевка ауылы  

  L – 19,5 шақырым

 

                         

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Черноярка жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
12-қосымша

 

Көктөбе, Заозерное, Толыбай, Маралды ауылдарында тұратын балаларды Шақат жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

Көктөбе ауылы

L – 36 шақырым

 

 

 

 

                                      

     

Шақат ЖОББМ

 

 

 

 

Заозерное ауылы

        L – 12 шақырым

 

 

 

                                                              

 

 

  Толыбай ауылы  

  L – 36 шақырым

 

                         

 

 

  Маралды ауылы  

  L – 50 шақырым

 

 

 

 

Шартты белгілер:

  • Шақат жалпы орта білім беру мектебі

 

  • ауыл

 

  • автобус бағыты

 

  • ауылдан мектепке дейінгі қашықтық

 

 

Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
13-қосымша

 

Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» № 534 бұйрыққа (бұдан әрі-Бұйрық) сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 349 бұйрығына сәйкес әзірленген және Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

  1. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгіленген талаптарға жауап беруi тиiс.
  2. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1-тармағына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

     2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi – жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

     5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен болуы тиіс.

  1. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы тиіс:

      1) ешқандай кедергісіз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиіс;

      2) жабық жай-күйде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

      3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;

      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

      5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені. Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;

      6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары;

      7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

  1. Автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемінде бір рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
  2. Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.

3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

  1. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердің жалпы саны осы көлік құралы үшін белгіленген және отыру үшін жабдықталған орындардың санынан аспайды.
  2. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
  3. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.

      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

  1. Балаларды оқу орындарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдарына) тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
  2. Балалардың топтарын көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауға тиіс.

  1. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы білім беру ұйымдарымен келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс.Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

  1. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.

      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.

  1. Балаларды тасымалдау үшін мынадай жүргізушілерге рұқсат етіледі:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар;

      2) автобустың жүргізушісі ретіндегі кемінде соңғы үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі бар;

       3) Осы бұйрықпен бекітілген еңбек тәртібін және Жол жұру ережелерін соңғы жылда өрескел бұзышылықтары болмағандар.

  1. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргiзушiсіне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

  1. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
  2. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
  3. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.



Павлодар ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «___» __________
№ __________ қаулысына
14-қосымша

 

Павлодар ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

 

  1. «Павлодар ауданының 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 223/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 303/10 қаулысы.

 

  1. «Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 223/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 39/2 қаулысы.

 

 

 

  1. «Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 148/5 қаулысы.

 

  1. «Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысы.

 

Павлодар ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

«Павлодар ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы»

Түсініктеме жазба

 

р/с

Түсіндірмежазбадакөрсетілугетиісмәліметтердіңтізбесі

Әзірлеушімемлекеттікорганныңақпараты

1

2

3

1

Жобаныәзірлеушімемлекеттік орган

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері  

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес

№ 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті графикалық схемалар бойынша бояуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізбесін бекіту туралы» (құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) және «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен.

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жоқ

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жоқ

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 223/7 қаулысы

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Жоқ

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

2024 жылғы 24 қаңтар

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

2024 жылғы 24 қаңтарда нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қажет емес

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Қажет емес

 

Дата публикации
24 января 2024