2024 жылғы 21 қаңтарда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалған Мичурин ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
2024 жылғы 21 қаңтарда сағат 18:00 дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Мичурин ауылдық округінің әкімдігіне ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидатты тіркеді.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.
-Мейрамов Асхат Куатович, 1985 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бас маманы, Павлодар ауданы Мичурин ауылында тұрады.
«AMANAT» партиясының мүшесі. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.
2024 жылғы 21 қаңтардағы сағат 18:00-ден бастап Мичурин ауылдық округінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 10 ақпандағы сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан -15 минут; радиодан -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екімақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.
Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.