2024-2026 жылдарға арналған Заря ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты : ШЕШТІ
1. 2024-2026 жылдарға арналған Заря ауылдық округінің бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде
бекітілсін:
1) кірістер – 167 570 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 15 328 мың теңге;
трансферттер түсімі – 152 242 мың теңге;
2) шығындар – 167 570 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.
2. Заря ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін 2024
жылға арналған субвенция көлемі 65 717 мың теңгеде ескерілсін.

3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев

Дата публикации
17 января 2024