Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-
тармағымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-
тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Кенес ауылдық округінің бюджеті тиісінше
1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде
бекітілсін:
1) кірістер – 105 194 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 088 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 390 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 99 мың теңге;
трансферттер түсімі – 93 617 мың теңге;
2) шығындар – 105 194 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.
2. Кенес ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін
2024 жылға арналған субвенция көлемі 93 314 мың теңгеде ескерілсін.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев