Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 32/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар аудандық мәслихаты : ШЕШТІ
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 32/183
шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
175619 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2
және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі
көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 224 056 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 671 768 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 48 733 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 494 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 485 061 мың теңге;
2) шығындар – 5 370 818 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 65 903 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 129 119 мың теңге ;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 63 216 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 212 665 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 212 665
мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің және
Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
келесі көлемдерде ескерілсін:
114 805 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу
жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
12 444 мың теңге – елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға;
43 634 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды
ұйымдастыруға;
180 939 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді
мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды
іске асыруға;
51 487 мың теңге – мәдениет және спорт саласындағы шығындарға;
8 316 мың теңге – мемлекеттік органдардың ағымдағы және күрделі
шығыстарына.».
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев

Дата публикации
11 января 2024