2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы

Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 7-
тармағымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-
тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2
және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі
көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 468 148 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 823 778 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 062 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 825 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 635 483 мың теңге;
2) шығындар – 4 468 148 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 62 100 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 132 912 мың теңге ;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 812 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 62 100 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 62 100
мың теңге.
2. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2024 жылға арналған резерві 36
653 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2024 жылға арналған Павлодар аудандық бюджетінде – 991 401 мың
теңге облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі ескерілсін.
4. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының
бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2024 жылға арналған аудан
бюджетінде жалпы сомасы 786 528 мың теңге көзделсін, соның ішінде:
Григорьевка – 72 748 мың теңге;
Ефремовка – 29 266 мың теңге;
Заңғар – 31 443 мың теңге;
Заря – 65 717 мың теңге;
Кемеңгер – 31 077 мың теңге;
Кеңес – 93 314 мың теңге;
Луганск – 64 576 мың теңге;
Мичурин – 81 750 мың теңге;
Ольгинка – 45 875 мың теңге;
Рождественка – 89 332 мың теңге;
Чернорецк – 87 964 мың теңге;
Черноярка – 58 582 мың теңге;
Шақат – 34 884 мың теңге.
5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің және
Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
келесі көлемдерінде ескерілсін:
1 868 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің,
қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақасын көтеруге;

403 871 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу
жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
325 241 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды
ұйымдастыруға;
36 882 мың теңге – мәдениет және спорт саласындағы шығындарға;
260 267 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді
мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды
іске асыруға.
6. Ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне нысаналы
трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы
негізінде анықталады.
7. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев

Дата публикации
08 января 2024