Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19.11. кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
- Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында қатты желге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
- Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және бюджеттік өтінімді Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолдасын.
- Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі Н. Дычко