Сайланған әкімді тіркеу

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45,  113-11-баптарға сәйкес,                 2023 жылғы 10 желтоқсанда Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауларының қорытындылары туралы сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ХАБАРЛАЙДЫ:

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімі болып 2023 жылы 12 желтоқсанда Талгат Төлегенұлы Бланкин тіркелді , 1986 жылы туған, қазақ, «Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Тереңкөл ауданы Октябрь ауылында тұрады. 

Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімі болып 2023 жылы 12 желтоқсанда Ержан Ағынтайұлы Такибаев тіркелді, 1986 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Павлодар ауданы Чернорецк ауылында тұрады. 

 

 

 

Павлодар аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2023