Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Ж. Рахимбердина аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің 11749 мың теңгеге ұлғаюы туралы хабарлады. Бұл қаражатты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмір жеткізуге, ауылдық округтер әкімдерінің өтінімдері бойынша дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін жанар жағар май м ен дизелдік отын сатып алуға, өрт сөндіру машиналары жүргізушілерінің еңбегіне ақы төлеуге жіберу жоспарлануда.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудандық бюджет көлемі 5 370,8 млн. теңгені құрады.