Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім жобасына
баспасөз-релизі
«Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті
ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдыжариялау туралы» шешім
жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының
«Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген 2 бөлігінің 4-тармағының 3)
тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын
алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19.11.
бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба 2023 жылғы 20 қараша «Ашық НҚА» порталында орналасқан.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14807059
Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті
ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы
1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық
қорғау туралы» Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына
сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19.11. кезектен тыс жедел
отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында қатты желге
байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай
жариялансын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия
ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен
объектілерге тексеру жүргізсін.
3. Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және
бюджеттік өтінімді Павлодар ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөліміне жолдасын.
4. Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің
орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме
қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Павлодар ауданының әкімі Н. Дычко
Павлодар ауданы әкімінің шешімі жобасына
түсіндірме жазба
№
р/с Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі Ескерту
1. Аудан әкімдігі шешімі жобасының атауы
Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
2. Әзірлеуші-мемлекеттік орган
«Павлодар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қатты жел салдарынан Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау қажет
4. Жоба қандай заңнамалық актілерді, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген 2 бөлігінің 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 19.11.2023 жылғы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Қатты жел салдарынан Павлодар облысы Павлодар ауданының
аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау
6. Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаның қабылдануы теріс әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарға ықпал етпейді
7. Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Жобаны қабылдау қаржылық шығындарға әкеп соғады
8. Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық тиісті бұрыштамалар бар
9. Жобада қаралған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданды және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Жоқ
10. Басқа да актілерді жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі Жоқ
11. Өзге де мәліметтер Жоқ
«Павлодар ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Жусупова