Павлодар облысы Павлодар ауданының Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдіктеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2023 жылғы 19 қарашада Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдіктеріне кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

2023 жылғы 19 қарашада сағат 18:00 дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдіктеріне ұсынылған 10 кандидаттан 7 кандидатты тіркеді.

Григорьевка ауылдық округі:

- Талгат Тулегенович Бланкин, 1986 жылы туған, қазақ, «Тереңкөл ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Тереңкөл ауданы Октябрь ауылында тұрады.

«AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

  • Руслан Сериккажиевич Галиев, 1989 жылы туған, қазақ, Павлодарское ауылы әкімі аппаратының «Barys» Павлодарское ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК, директор, Павлодарское ауылында тұрады.

Партиялық емес, өзін-өзі ұсынған.

  - Ардак Серикбаевич Жапарханов 1988 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Павлодар ауданы Новочерноярка ауылында тұрады.

  «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

Серик Идрисович Омаров, 1966 жылы туған, қазақ, Павлодар ауданы әкімдігінің «Ауыл Су» ШЖҚ МКК, көлік жөніндегі директордың орынбасары, Павлодар ауданы Пресное ауылында тұрады.

«AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

Чернорецк ауылдық округі:

  • Мегенбек Бердхан, 1988 жылы туған, қазақ, «Чернорецк ауылының Мәдениет үйі» МКҚК, директор, Павлодар ауданының Чернорецк ауылында тұрады.

«AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

- Расул Ержанович Джагипаров, 1991 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі, Павлодар ауданының Ефремовка ауылында тұрады.

«AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

  • Ержан Агынтаевич Такибаев, 1986 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Павлодар ауданы Чернорецк ауылында тұрады.

«AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

2023 жылғы 19 қарашадағы сағат 18:00-ден бастап Григорьевка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдіктеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 9 желтоқсандағы сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан -15 минут; радиодан -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екімақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.

Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.

Дата публикации
19 ноября 2023