Чернорецк ауылы, 2023 жылғы 27 қазан
Өтетін орны: әкім аппаратында 10:00 сағат.
Чернорецкауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің барлығы: 9 адам.
Оның ішінде қатысқандар: 9 адам
Төрағасы: Макаш А.А.
Хатшы: Тулеубаева У.А.
Шақырылған: Абылгазинова Ш.С.- ауылдық округ әкімі м.а.
Некрытова В.В. (есеп жөніндегі бас маман).
Жиналысты ауылдық округ әкімінің м.а.. Ш.С. Абылгазинова ашты: Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері! Чернорецк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 9 мүшелерінен, 9 адам келіп тіркелді.
Жиналысты бастау туралы ұсыныс бар.
Ауылдық округінің әкімінің м.а.: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 10-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу үшін ашық дауыспен төраға мен хатшы сайланады.
Кандидатураны ұсынуды сұраймын.
Аси Д.: А. А. Макаштың кандидатурасын ұсынамын.
Ауылдық округінің әкімі: Тағы ұсыныстар бола ма?
Болмаса бекітуді ұсынамын.
Кім «жақтайды» - барлығы 9 адам бірауыздан бекітілді.
Қарсы - жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Ауылдық округінің әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыстың хатшысы У.А.Тулеубаеваны таңдауды ұсынамын. Тағы ұсыныстар бола ма?
Болмаса бекітуді ұсынамын.
Кім «жақтайды» - барлығы 9 адам бірауыздан бекітілді.
Қарсы - жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Кездесудің төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушылар!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, жергілікті қауымдастықтың жиналысы өткізіледі. Күн тәртібінде бір сұрақ.
Күн тәртібі:
Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беріңіз.
Кім қолдайды«9». Бірауыздан «0». Қарсы-«0». Қалыс қалған –«0».
Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.
Сөз Чернорецк ауылдық округінің әкімінің м.а. Ш.С.Абылгазиноваға беріледі.
Жиналыс төрағасы:
Ақпарат аяқталды, сұрақтарыңыз бар ма?
Сұрақтар жоқ.
Чернорецк ауылдық округтің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді деп санауды ұсынамын.
Кім қолдайды«9». Бірауыздан «0». Қарсы-«0». Қалыс қалған –«0».
Жиналыс жабық деп ұсынамын.
Қатысқандарынызға рахмет.
Төраға: Талқылау аяқталды. Бізге шешім қабылдау қажет.Талқылау аяқталды. Бізге шешім қабылдау қажет. Күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша сұрақтар бар ма?
Шешім: Чернорецк ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді.
Жиынның төрағасы А.Макаш
Жиынның хатшысы У.Тулеубаева
Чернорецк ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастықтың жиналысының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 27 қазан
|
Павлодар ауданының Чернорецк ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілсін.
|
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 102-1-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 7-тармағы 2) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының өзін - өзі басқару және жергілікті мемлекетті басқару туралы», Чернорецк ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиналысы ШЕШТІ:
Павлодар ауданының Чернорецк ауылдық округі 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді.
Жиынның төрағасы А.Макаш
Жиынның хатшысы У.Тулеубаева