Заңғар ауылы, 2023 жылғы 30 қазан
Өтетін орны: әкім аппаратында 11.00 сағат.
Шақырылған: Сманов Р.К. Ауылдық округ әкімі.
Кудабаева Л.Б. (есеп жөніндегі бас маман).
Кездесуді Заңғар ауылдық округінің әкімі Р.Қ. Сманов ашты: Құрметті жиналыс мүшелері!
Төрағаны таңдау қажет .
Үміткерлерді ұсынуларыңызды сұраймын.
Танирбергенов М.Г.: С. К. Шаненовтың кандидатурасын ұсынамын.
Ауылдық округінің әкімі: Тағы ұсыныстар бола ма?
Болмаса бекітуді ұсынамын.
Кім «жақтайды» - барлығы 7 адам бірауыздан бекітілді.
Қарсы - жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Ауылдық округінің әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыстың хатшысы
Н.Т. Абитановты таңдауды ұсынамын. Тағы ұсыныстар бола ма?
Болмаса бекітуді ұсынамын.
Кім «жақтайды» - барлығы 7 адам бірауыздан бекітілді.
Қарсы - жоқ.
Қалыс қалғандар - жоқ.
Кездесудің төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушылар!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, жергілікті қауымдастықтың жиналысы өткізіледі. Күн тәртібінде бір сұрақ.
Күн тәртібі:
Заңғар ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін келісу туралы.
Жиналыстың күн тәртібіне дауыс беріңіз.
Кім қолдайды«7». Бірауыздан «0». Қарсы-«0». Қалыс қалған –«0».
Жиналыс төрағасы: Жиналыстың күн тәртібі бекітілді.
Сөз Заңғар ауылдық округінің әкімі Р.Қ. Смановқа беріледі.
Ауылдық округінің әкімі: Павлодар ауданының Заңғар ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін қарауды ұсынамын (жазбаша түсіндірме берілді).
Жиналыс төрағасы:
Ақпарат аяқталды, сұрақтарыңыз бар ма?
Сұрақтар жоқ.
Заңғар ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді деп санауды ұсынамын.
Кім қолдайды«7». Бірауыздан «0». Қарсы-«0». Қалыс қалған –«0».
Жиналыс жабық деп ұсынамын.
Шешім: Заңғар ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді.
Жиналысты жабықдеп санауды ұсынамын.
Қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Жиынның төрағасы С.К. Шаненов
Жиынның хатшысы Н.Т. Абитанов
Заңғар ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастықтың жиналысының
ШЕШІМІ
2023 жылғы 30 қазан
Заңғар ауылдық округінің
2024-2026 жылдарға
арналған бюджетін келісу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 102-1-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 7-тармағы 2) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының өзін - өзі басқару және жергілікті мемлекетті басқару туралы», Заңғар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиналысы ШЕШТІ:
Заңғар ауылдық округі 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті келісілді.
Жиынның төрағасы С.К. Шаненов
Жиынның хатшысы Н.Т. Абитанов