ЖОБА
Павлодар ауданы бойынша
мүгедектер үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы бойынша мүгедектер үшiн арналған жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «» № 360/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5284 болып тіркелген, «Нива» газетінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Шұғаев