Хабарландыру

«Павлодар ауданының экономика нақты сектор бөлімі» ММ Павлодар ауданы әкімдігінің «Ауыл-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

конкурстың өткізілетін күні мен орны: 2023 жылғы 2 қараша, Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, каб. 308.

орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Павлодар ауданы әкімдігінің «Ауыл-Су» ШЖҚ МКК, 140920, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылдық округі, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24 ғимарат, 8(7182)320843, кәсіпорын сумен және жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы (машина жасау, автоматтандыру және басқару, сәулет, құрылыс, жылу энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтар, көлік құрылысы, инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография, көлік, көлік техникасы және технологиялары, электр энергетикасы, көлік қызметтері, электр энергетикасы, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және автомобиль көлігін пайдалану, стандарттау, метрология және сертификаттау);

2) мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттар қолма-қол ұсынылады (Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, каб. 308) немесе электрондық пошта мекенжайына aul-su.19@mail.ru.

 

Дата публикации
05 октября 2023