Ағымдағы жылдың 29 маусымында Қоғамдық кеңестің бастамасымен Павлодар ауданының 95 - жылдығына дайындық тобының отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Қоғамдық кеңестің бастамасымен Павлодар ауданының 95 - жылдығына дайындық тобының отырысы өтті, онда Павлодар ауданының мұражайы үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар, қоныс аударушылар мен ашаршылық құрбандары бойынша материалдар дайындау мәселесі талқыланды.

          Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Т. Баткеев орталық кітапхана жүйесінің қызметкерлеріне, ауылдық кітапханашыларға мұражайға сапалы, шынайы материалдар дайындауды сұрады.

         Ол үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, қоныс аударған, ашаршылық құрбандарының ұрпақтарымен кездесуді, репрессияға, қоныс аударуға, ашаршылыққа ұшыраған отбасылардың тарихы, естеліктері бар бейнероликтер түсіруді ұсынды.

Дата публикации
03 октября 2023