Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын бизнесті қолдау

Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын бизнесті қолдау (Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, көктемгі егіс жұмыстарына ЖЖМ бөлу, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік субсидиялар бөлігінде) туралы Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Д. С. Досанова хабарлады.

2022 жылы Павлодар ауданының ауылшаруашылығын қолдауға 4527,7 млн.теңге бөлінді, оның ішінде өсімдік шаруашылығына субсидиялар 580,2 млн. теңгені, мал шаруашылығын дамытуға – 2318,6 млн. теңгені, сондай – ақинвестициялық субсидиялар-1628,9 млн. теңгені құрады.

2023 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауданға 1760 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. 2 оператор анықталды, босату бағасы тоннасына 228 000 теңгені құрады (операторлық қызметтерді ескере отырып, литріне 191 теңге).

Бұдан басқа, ауылда бизнесті дамытуды қолдау мақсатында 2022 және 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде 2313,62 млн.теңге сомасына 86 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде: лизингтік компаниялар арқылы 713,5 млн. теңге сомасына 29 бірлік, сондай-ақ өз қаражаты есебінен 1600,08 млн. теңге сомасына 57 бірлік.

Мәселені талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелері  ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдаудың оң динамикасына тап өтті.

Сондай-ақ, кеңес отырысында толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бір қатар нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды. Мәселен, Павлодар ауданының әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1 типті қант диабетімен ауыратын науқастарға көмек көрсетуге қатысты толықтырулар енгізілді: 10 АЕК мөлшерінде және 1 топтағы мүгедек баланы алып жүретін адамдарға 20 АЕК мөлшерінде бір жолғы жәрдем ақы төленді.

Қарастырылған барлық мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
28 сентября 2023