«Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы»
Павлодар аудандық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39 - 3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығына сәйкес жоба әзірленді.
2023жылғы 14 қыркүйектегі жобапорталынаорналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2512671&type=2
Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Павлодар аудандық
мәслихатының
төрағасы
Павлодар
аудандықмәслихатының
2023 жылғы «__»______
№ ________ шешімімен
бекітілген
Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидалары
1 тарау. Жалпыережелер
1) бөлекжергіліктіқоғамдастықжиыны – аудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағынаудан, көше, көппәтерлітұрғынүйтұрғындарының (жергіліктіқоғамдастықмүшелерінің) жергіліктіқоғамдастықжиынынақатысуүшінөкілдердісайлауғатікелейқатысуы;
2) жергіліктіқоғамдастық – шекараларындажергіліктіөзін-өзібасқаружүзегеасырылатын, оныңоргандарықұрылатынжәнежұмысістейтінтиістіәкімшілік-аумақтықбірліктіңаумағындатұратынтұрғындардың (жергіліктіқоғамдастықмүшелерінің) жиынтығы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Заряауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
3 тарау. Заря ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
12.Заря ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Заря ауылы үшін – 3 адам;
Бірлік ауылы үшін – 2 адам;
Жертумсық ауылы үшін – 2 адам;
Подстепное ауылы үшін - 2 адам.