«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы»

«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы»

Павлодар аудандық мәслихатының шешімі жобасына баспасөз

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39 - 3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығына сәйкес жоба әзірленді.

2023жылғы29тамыздағыжобапорталынаорналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2512671&type=2

ЖОБА

 

 

 

 

Павлодар ауданы Чернорецкауылдық округінің аумағындажергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39 - 3 - бабының6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығына сәйкес,Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидалары бекітілсін.

2.Павлодар аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 25 қарашадағы«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағындажергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» №31/176шешімініңкүші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

 

 

Павлодар

аудандық мәслихатының

2023 жылғы   «___» _______

 №____ шешіміменбекітілген

 

 

Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидалары



  • тарау.Жалпыережелер

 

  1. Осы Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалары) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының  6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №122 бұйрығына сәйкес әзірленді жәнеПавлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округ аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

 

 

2 тарау.Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын  өткізудің  тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Чернорецк ауылдық округінің аумағы: Чернорецк, Достық, Қаракөл, Пресное ауылдары учаскелеріне бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынЧернорецк ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Чернорецк ауылдық округініңәкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет - ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашудың алдында тиісті ауылдың қатысыпотырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай - ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынынЧернорецк ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Чернорецк ауылдық округініңәкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

Жергілікті қоғамдастықтың жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) Жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

 

3 тарау. Чернорецкауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

 

12.Чернорецкауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:

Чернорецк ауылы үшін – 3 адам;

 

Достық ауылы үшін – 2 адам;

 

Қаракөл ауылы үшін – 2 адам;

 

Пресное ауылы үшін – 2 адам.

 

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2023