Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
 
2023 жылғы 3 қыркүйекте Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
2023 жылғы 3 қыркүйекте сағат 18:00 дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық сайлау комиссиясы Кеңес ауылдық округінің әкімдігіне ұсынылған 5 кандидаттан 4 кандидатты тіркеді.
 - Сарсенбаев Ермек Амангельдинович, 1983 жылы туған, қазақ, «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, бөлім басшысы, Павлодар қаласында тұрады.
Партиялық емес, өзін-өзі ұсынған.
- Исаев Нурмухамбет Бахытбекович, 1993 жылы туған, қазақ, «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, бас маман, Павлодар қаласында тұрады. 
«AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
- Смагулова Назира Ериковна, 1992 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, жалпы мәселелер жөніндегі бас маман, Новоямышево ауылында тұрады.
 «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
-Кизатов Альхан Куатович, 1992 жылы туған, қазақ, «Ольгин ЖОББМ» КММ, оқытушы, Әйтім ауылында тұрады.
Партиялық емес, өзін-өзі ұсынған.
2023 жылғы 3 қыркүйектегі сағат 18:00-ден бастап Кеңес ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы                               23 қыркүйектегі сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» №12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан -15 минут; радиодан -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екімақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.
Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.

 

Дата публикации
03 сентября 2023