Павлодар аудандық мәслихат
депутаттының өкілеттігін жоғалту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 3- тармағының 3-1) тармақшасына, 4-1-тармағына сәйкес және 2023 жылғы 16 тамызда «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалынан түскен Павлодар аудандық мәслихатының депутаты Дмитрий Викторович Корепановтың партиядан алып тастау туралы хаты негізінде, Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Дмитрий Викторович Корепановтың Павлодар облысы Павлодар ауданының № 3 бір мандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутатының өкілеттігін жоғалту фактісі нақтылансын.
Павлодар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы