«Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

«Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) ауданның жергілікті атқарушы жүйесі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Аппараттың ведомствалары жоқ.
  3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында  шоттары болады.
  5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Аппараттың заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері  бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Аппараттың орналасқан жері:140911, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Мичурин ауылы, Молодежная көшесі, 13.
  10. Аппараттың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар ауданы Мичурин аулдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: «Государственное учреждение «Аппарат акима Мичуринского сельского округа Павлодарского района»

  1. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті  бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  3.     Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

 

  1. Аппараттың миссиясы ауылдық округ әкімінің оған сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Міндеттері:

      - қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, әлеуметтік- экономикалық келісімнің, аймақтың ерекше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуде қазақстандық патриотизмнің конституциялық принциптерін жүзеге асыруда көмек көрсету;

     - Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын әзірлеуге, әлеуметтік- экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасын жетілдіруге қатысу;

     - аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдарымен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау.

  1. Функциялары:

      Аппарат ауылдық округ әкімінің норма шығару қызметін қамтамасыз етеді:

    1) ауылдық оруг әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар еңгізеді:

     2) заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, ауылдық округ әкімінің норма шығару қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қолданады;

         Аппарат ауылдық округ әкіміне мемлекеттік наградалармен, аудан әкімінің мадақтауларымен марапаттау және құрметті атақтар беру жөнінде ұсыныстар еңгізеді.

Аппарат ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

     1) ішкі саяси ахуалға, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жүргізеді, қоғамдық пікірді зерделейді, саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуына болжам жасайды, қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындайды;

     2) ақпарат жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және ауылдық округ әкімін ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;

    3) ауылдық округ әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысын орнатуды және үнемі дамытуды қамтамасыз етеді, ауылдық округ әкімімен қабылданатын актілерді түсіндіруге қатысады.

Аппарат ауылдық округ әкімінің кадр саясаты және мемлекеттік қызмет саласындағы бағытын жүргізуді қамтамасыз етеді:

     1) кадр жұмысы мен мемлекеттік қызмет жағдайын талдайды, кадр резервін, атқарушы орган мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік даярлық деңгейін қалыптастырады;

    2)  лауазымға тағайындау және қызметтен босату кезінде материалдар ресімдейді, ауылдық округ әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет өткеруімен байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

    3)  аппараттың және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруын ұйымдастырады;

    4)  аппараттың мемлекеттік қызметшілерін аттестациядан өткізеді.

Аппарат ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

   1) ауылдық округ әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді;

   2) ауылдық округ әкімінің актілерінің жариялануын, тиісті түрде ресімделуін және таратылуын қамтамасыз етеді;

   3)  аппаратта іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді;

   4)  қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

   5) азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

   6) құжат айналымына, соның ішінде ауылдық округ әкімінің атына келіп түскен хат-хабарға талдау жүргізеді;

   7)  ауылдық округ әкімі актілерінің сақталуын, бір жүйеге келтірілуін және кодификациялану қамтамасыз етеді;

  8)  мемлекеттік мекемеде құпиялық режимінің сақталуын қамтамасыз етеді, аппарат қызметкерлерінің, ауылдық округ әкімімен тағайындалатын басқа да лауазымды тұлғалардың  құпиялы құжаттарға рұқсат материалдарын ресімдейді;

  9)  мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға, іс жүргізу ережелерін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды еңгізуге бағытталған шаралар қолданады.

  1.   Құқықтары мен міндеттері.

Аппарат осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін:

-заңнамамен белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан ақпарат, құжаттар және өзге де материалдардар сұратуға және алуға құқылы;

-мемлекеттік мекеменің қажетті ақпараты, құжаттар мен өзге де материалдары беру жөнінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын тапсырмалары мен сұратуларына заңнамада белгілінген мерзімде жауап беріледі.

Аппараттың міндеттеріне:

-Аппарат жұмысын ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық- талдамалық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

-халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыруды, құпия іс қағаздарын ресімдеу мен есепке алуды іске асыру жатады.

 

 

  1. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Аппаратты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын ауылдық округ әкімі басқарады және органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынастарына әкімдік атынан сенімхатсыз қатысады.
  2. Аппарат құрылымын бас маман, есеп жүргізу жөніндегі бас маман және заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке қабылданатын басқа да мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлер құрайды.
  3. Ауылдық округ әкімі: 

   1) азаматтардың өтіінштерін, үндеулерін, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

   2) аудан әкімдігінің бекітуіне Аппарат туралы Ережені ұсынады, оның құрылымы мен штаты жөнінде ұсыныстар еңгізеді;

   3) бюджетке салық және өзге де міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді;

   4) ауылдық округ әкімінің аппараты әкімші болып табылатын бюджеттік бағдарламалар әзірлейді және тиісті мәслихатпен бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізеді;

   5) аз қамтамасыз етілген адамдарды айқындайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар жасайды,  жалғыз ілікті қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйлерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

   6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерін азаматтардың және заңды тұлғалардың  орындауына ықпал етеді;

   7) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

   8) ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округта  автомобиль жолдарын салуды, қайта құруды, жөндеу мен ұстауды қамтамасыз етеді;

   9) Қазақстан Респуликасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен нотариалдық іс- әрекеттердің жүргізілуін, азаматтық жағдай актілерінің тіркелуін ұйымдастырады;

   10) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

   11) шаруа қожалықтары немесе фермер шаруашылықтарын құруға, кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал етеді;

   12) өз құзыреті шегінде жаппай әскери міндет пен әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру мәселелері жөніндегі заңнаманың орындалуын ұйымдастырадыжәне қамтамасыз етеді;

   13) тарихи және мәдени мұраның сақталуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

   14) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;

   15) қоғамдық көлік қөзғалысын ұйымдастырады;

   16) шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайында науқастарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастырады;

   17) статистикалық шарушылық есебін жүзеге асырады;

   18) бюджетті бекіту кезінде аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;

   19) мектепке дейінгі ұйымдарды, мәдениет мекмелерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуге қолдау жасайды және ықпал етеді;

   20) ауылдық округті көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмысты ұйымдастырады;

   21) туыстары жоқтарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

   22) аудан әкімдігіне қалаға көліктің жүруін ұйымдастыру туралы, сондай- ақ оқушыларды мектепке дейін және кері ауылдық округке тегін тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгізеді;

   23) жергілікті өзін- өзі басқару органдарымен іс- қимыл жасайды;

   24) өз құзыретіндегі мәселелер жөнінде шешімдер мен өкімдер шығарады;

    25) Аппараттың мемлекетік қызметшілерін лауазымына тағайындайды және қызметінен босатады, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін жұмыскерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады;

   26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық округ әкімі өзге де мәселелерді шеше алады;

   27) әкім аппараты әкімші болып табылатын стратегиялық жоспар және (немесе) бюджеттік бағдарлама әзірлеген кезде жергілікті бірлестіктің жиналысында (жиынында) талқылауға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

  1. Аппараттың жауапты қызметкерлері- мемлекеттік қызметшілер бос орындарға конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша, аудару кезінде- аумақтық уәкілетті органның келісімі бойынша ауылдық округ әкімімен тағайындалады.
  2. Жауапты қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде:

    1) ауылдық округ әкімі өткізетін отырыстарға, кеңестерге, іс-шараларға қатысуға;

   2) ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша ауылдық округ әкімі қызметінің шеңберінде туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға ұйымдардың, мекемелердің басшыларын тартуға;

   3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру, қолданыстағы нұсқаулықтарға сәкес іс жүргізу жөнінде ұсыныстар еңгізуге;

   4) Аппараттың қызметіне жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік тұлғалармен қызметтік хат    алмасуға құқығы бар;

   5) осы Ереженің 4-бөлімінде көрсетілген функцияларды жүзеге асырады.

  1. Аппараттың жауапты қызметкерлері лауазымдық міндеттерін атқару, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақытында және тиісті түрде орындау, еңбек тәртібін сақтау үшін, сондай-ақ Аппаратта белгіленген ережелерге сәйкес іс жүргізу үшін жауап береді.

 

  1. Аппараттың мүлкі

 

  1. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

    Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  3. Аппараттың қаржыландыру көзі аудандық бюджет болып табылады.

 

  1. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Аппаратты қайта ұйымдастыру   және таратау  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Дата публикации
28 июля 2023