«Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

 Павлодар ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «22» шілде

№228/7  қаулысымен бекітілді

 

 

«Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Аппарат) ауылдық округ әкімінің (әрі қарай – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар ауданының әкімдігі болып табылады.

Мемлекеттік басқару органы: «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  1. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, заңнамаға сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Аппарат заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ережені, оның құрылымын Павлодар ауданының әкімдігі бекітеді.

«Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

«Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,  демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

  1. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Черноярского сельского округа Павлодарского района».

Орналасқан мекенжайы: 140913, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Черноярка ауылдық округі, Новочерноярка ауылы, Центральная көшесі, 2.

  1. Ауылдық округ аппараты Павлодар ауданы әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
  2. Аппарат жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  3. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2-тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. 12. Міндеттері:

әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар жергілікті мәні бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялары:

1)  Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзіреті шегінде:

- жергілікті қауымдастық жиынын, ауылдық округ, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қауымдастығының жеке жиынын, жергілікті қауымдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- жергілікті қауымдастықтың жеке жиынын,  жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысының шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы оларды өткізгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды;

-  жергілікті қауымдастық жиыны немесе жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

- ауылдық округ бюджетін жоспарлау мен атқарылуын қамтамасыз етеді;

- жергілікті қауымдастық жиналысы мен Павлодар ауданының мәслихатына ұсынады;

- ауылдық округ бюджетін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті қауымдастық жиналысына жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын әзірлейді және бекітуге ұсынады;

- ауылдық округтің коммуналдық мүлігіне жататын объекттің құрылысы, қайта құру және жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

- жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлігін мақсатты және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;

-  жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты ауылдық округтің коммуналдық меншігінің, субъекттің құқықтарын жүзеге асырады;

- ауылдық округтің коммуналдық меншiгiнде тұрған (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгi) мүлiктi коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға, алынған мүлікті теңгерімнен шығарып тастап, басқа тұлғаға тапсырғанға дейін ұстау мерзімі мен сақталуын қамтамасыз етуді белгілейді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселесі бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, ауылдық округ меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімді басқару шарты бойынша сенімді басқару міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- мүліктері ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.

2) Әкім аппараты жергілікті қауымдастық жиналысымен келісім бойынша:

- өз құзіреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласында құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;

- егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін жекешелендіруді қамтамасыз етеді, соның ішінде объектті жекешелендіруге дайындау процесінде сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- мүлкі ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігінде тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сонымен қатар осы секілді қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін анықтайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына тапсырған немесе жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған мүлікті алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын немесе мақсатты тағайындалу бойынша пайдаланылмайтын мүліктерін алуды жүзеге асырады;

- кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беру), сенімгерлік басқаруға береді;

- аудан әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта құру, атауын өзгерту және жою туралы шешім қабылдайды;

- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітілген мүлікті меншіктен шығару немесе басқа тәсілмен иелік етуге (олар өндірген өнімді сатудан басқа), филиалдар құру мен өкілдік етуге, сонымен қатар дебиторлық берешекті тапсыру мен есептен шығаруға келісім береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ереже), оған енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекітеді;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттары мен жұмыстың (қызметтің) міндетті көлемін айқындайды;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары мен оны орындау бойынша есептерді  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен қарастырылған жағдайларда қарастырады, келіседі және бекітеді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілге, жалға, қайтарусыз пайдалануға және сенімді басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық  заңды тұлғаларына бекітеді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін меншіктен шығару туралы шешім қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Әкім аппараты өз құзіреттілігі шегінде құқылы:

- мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратқа, құжаттар мен өзге де материалдарға сұрау салуға және алуға;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтар алуға және жүзеге асыруға;

-мемлекеттік басқару, мұрағат органдарының, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;

- шарттар, келісімдер жасауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылған өзге де құқықтарға ие болуға.

  1. Әкім аппаратының өз құзіреті шегіндегі міндеттері:

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;

- Қазақстан Республика Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқару органдары, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

- қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

 

3-тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкім аппаратына әкім басшылық етеді.
  2. Әкімнің өкілеттігі:

- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;

- жергілікті қауымдастық жиынында немесе жергілікті қауымдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамамен қарастырылған түсімдер есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздерінде  қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен шығынының жиынтық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

- ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

- аудан әкімі мен жергілікті қауымдастық жиналысымен ауылдық округтің апаттық үйлерін құлатуды түгендеуді ұйымдастырады;

- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқын шағын несиелендіруге жәрдемдеседі;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативті құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілділікті жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін;
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес орынбасарының міндеттемелері мен өкілділігін белгілейді;
  3. Әкім аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

 

         4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі

 

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітілген мүлік қала, ауыл, кент, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті жергілікті қауымдастық жиналысының келісімінсіз иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Ауылдық округ аппаратын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.









 

Дата публикации
27 июля 2023