|
|
Павлодар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «27» желтоқсандағы № 447/12 қаулысымен бекітілген |
«Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік басқару органы: «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
«Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
«Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района».
Орналасқан мекенжайы: 140909, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылдық округі, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 28.
2-тарау. Кемеңгер ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қауымдастық жиынын, ауылдық округ, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қауымдастығының жеке жиынын, жергілікті қауымдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қауымдастықтың жеке жиынының, жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысының шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы оларды өткізгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды;
- жергілікті қауымдастық жиыны немесе жергілікті қауымдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауылдық округ бюджетін жоспарлау мен атқарылуын қамтамасыз етеді;
- жергілікті қауымдастық жиналысы мен аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетін атқару туралы есеп ұсынады;
- ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті қауымдастық жиналысына жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын әзірлейді және бекітуге ұсынады;
- ауылдық округтің коммуналдық мүлігіне жататын объектілерді салу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысанасы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты ауылдық округ коммуналдық меншігі субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншiгiндегі (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегі) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округ меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша:
- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарда өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға беруге), сенімгерлік басқаруға береді;
- аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген жағдайларда қарастырады, келіседі және бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
- мемлекеттік басқару органдарының, архивтердің, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
- шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылған өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдері мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Кемеңгер ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
- жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында қарастырылған түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
- мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығынының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
- ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
- аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл тұрғындарына шағын кредит алуға жәрдемдеседі;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Кемеңгер ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату