«Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округіәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

Павлодар ауданыәкімдігінің

2019 жылғы « 23 » желтоқсан

№  433/12 қаулысына

1-қосымша

 

 

 

«Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округіәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) ауылдық округ әкімінің (әрі қарай - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар ауданының әкімдігі болып табылады.Мемлекеттік басқару органы: «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Аппараттың ведомстволары жоқ.
  4. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  6. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. Аппараттың заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
  8. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіптеәкім өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымы Павлодар ауданының әкімдігімен бекітіледі.
  10. «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
  11. «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
  12. Аппараттың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  13. Орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима Зангарского сельского округа Павлодарского района».
  14. Аппараттың орналасқан жері: 140906, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Заңғар ауылы, Абылайхан көшесі, 4.
  15. Ауылдық округ аппараты Павлодар ауданы әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
  16. Аппарат жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  17. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2-тарау. Заңғар ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

1.Міндеттер:

әкім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялар:

1)  Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

- жергілікті қауымдастық жиынын, ауылдық округ, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қауымдастығының жеке жиынын, жергілікті қауымдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

- жергілікті қауымдастықтың жеке жиынының,  жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысының шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы оларды өткізгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды;

-  жергілікті қауымдастық жиыны немесе жергілікті қауымдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

- ауылдық округ бюджетін жоспарлау мен атқарылуын қамтамасыз етеді;

- жергілікті қауымдастық жиналысы мен аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетін атқару туралы есеп ұсынады;

- ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті қауымдастық жиналысына жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын әзірлейді және бекітуге ұсынады;

- ауылдық округтің коммуналдық мүлігіне жататын объектілердісалу, қайта құру және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкініңнысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

-  жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты ауылдық округ коммуналдық меншігі субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншiгiндегі  (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгiндегі) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығараотырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселесі жөнінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округ меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

- сенімгерлік басқарушыныңжергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) Әкім аппараты жергілікті қауымдастық жиналысымен келісім бойынша:

- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынныңтүрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) анықтайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын немесе мақсатқасай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға беруге), сенімгерлік басқаруға береді;

- аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (олар өндірген өнімді сатудықоспағанда), иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге,филиалдар мен өкілдіктерқұруға,сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарынжәнебюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларынжәне олардың орындалуыжөніндегі есептерді  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында қарастырылған жағдайларда қарастырады, келіседі және бекітеді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану,оның ішінде  кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық  заңды тұлғаларына бекітеді;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

- мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

-мемлекеттік басқаруоргандарының, архивтердің, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

- шарттар, келісімдер жасасуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылған өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

- Қазақстан Республика Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдері мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

- қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

3-тарау. Заңғар ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкім аппаратына әкім басшылық етеді.
  2. Әкімнің өкілеттілігі:

- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

- жергілікті қауымдастықтың жиынында немесе жергілікті қауымдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында қарастырылған түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

- мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде  қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығынының жиынтық жоспарынҚазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

- ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

- аудан әкімімен және жергілікті қауымдастық жиналысымен ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды түгендеуді ұйымдастырады;

- аудан әкімімен және жергілікті қауымдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін;
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
  3. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

 

4-тарау. Заңғар ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі

 

  1. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және  Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкім аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың)коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

5-тарау.Заңғар ауылдық округі әкімінің аппаратынқайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасыменанықталған тәртіпте жүзеге асырылады.









 

 

Дата публикации
26 июля 2023