Павлодар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы « 7 » ақпандағы
№ 23/2 қаулысымен
бекітілді
"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Мемлекеттік басқару органы: «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Луганского сельского округа Павлодарского района».
Орналасқан мекенжайы: 140910, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Луганск ауылдық округі, Луганск ауылы, Ленин көшесі, 48.
2-тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Әкімнің қызметін, сонымен қатар жергілікті мағынасы бар мәселелер шешімін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзіреті шегінде:
- жергілікті қауымдастық жиынын, ауылдық округ, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қауымдастығының жеке жиынын, жергілікті қауымдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қауымдастықтың жеке жиынын, жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысының шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы оларды өткізгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды;
- жергілікті қауымдастық жиыны немесе жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауылдық округ бюджетін жоспарлау мен атқарылуын қамтамасыз етеді;
- жергілікті қауымдастық жиналысы мен Павлодар ауданының мәслихатына ұсынады;
- ауылдық округ бюджетін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті қауымдастық жиналысына жергілікті қауымдастықтың даму бағдарламасын бекітуге әзірлейді және ұсынады;
- ауылдық округтің коммуналдық мүлігіне жататын объекттің құрылысы, қайта құру және жөндеу жұмыстары бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;
- жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық мүлігін мақсатты және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты ауылдық округтің коммуналдық меншігінің, субъекттің құқықтарын жүзеге асырады;
- ауылдық округтің коммуналдық меншiгiнде тұрған (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың коммуналдық меншiгi) мүлiктi коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға, алынған мүлікті теңгерімнен шығарып тастап, басқа тұлғаға тапсырғанға дейін ұстау мерзімі мен сақталуын қамтамасыз етуді белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігінің мәселесі бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік етеді, ауылдық округ меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін сенімді басқару шарты бойынша сенімді басқару міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- мүліктері ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын орындауды бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.
2) Әкім аппараты жергілікті қауымдастық жиналысымен келісу бойынша:
- өз құзіреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін басқару саласында құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін басқарады, егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаса, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
- шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлігін жекешелендіруді қамтамасыз етеді, соның ішінде объектті жекешелендіруге дайындау процесінде сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлігі ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігінде тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сонымен қатар осы секілді қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін анықтайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына тапсырған немесе жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған мүлікті алуды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын немесе мақсатты тағайындалу бойынша пайдаланылмайтын мүліктерін алуды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін мүлікті жалдау (жалға беру), жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімді басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен береді;
- аудан әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта құру, атауын өзгерту және жою туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітілген мүлікті меншіктен шығару немесе басқа тәсілмен иелік етуге (олар өндірген өнімді сатудан басқа), филиалдар құру мен өкілдік етуге, сонымен қатар дебиторлық берешекті тапсыру мен есептен шығаруға келісім береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ереже), оған енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды бекітеді;
- мүлігі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бюджетінен қаржыландыратын қызметтің басым бағыттары мен жұмыстың (қызметтің) міндетті көлемін айқындайды;
- мүлігі ауылдық округтің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары мен оны орындау бойынша есептерді Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен қарастырылған жағдайларда қарастырады, келіседі және бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілге, жалға, қайтарусыз пайдалану және сенімді басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін меншіктен шығару туралы шешім қабылдайд;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратқа, құжаттар мен өзге де материалдарға сұрау салуға және алуға;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтар алуға және жүзеге асыруға;
-мемлекеттік басқару, мұрағат органдарының, ғылыми мекемелердің ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
- шарттар, келісімдер жасауға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылған өзге де құқықтарға ие болуға.
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
- Қазақстан Республика Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқару органдары, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
- қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
3-тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
- Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
- жергілікті қауымдастық жиынында немесе жергілікті қауымдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарастырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамамен қарастырылған түсімдер есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өз орындарында қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсім және шығынының жиынтық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
- ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
- аудан әкімі мен жергілікті қауымдастық жиналысымен ауылдық округтің апаттық үйлерін құлатуды түгендеуді ұйымдастырады;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқын шағын несиелендіруге жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативті құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілділікті жүзеге асырады.
4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мүлігі
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Ауылдық округ аппаратын қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)