Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

ЖОБА

 

Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасынының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чернорецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылының келесі көшелері:

«Ленин» көшесі «Сәкен Сейфуллин»көшесіболып;

«Советов» көшесі «Ахмет Байтұрсынұлы»көшесі болып;

«Тургенев» көшесі «Тәуелсіздік»көшесі болып;

«Комсомольская» көшесі «Қаныш Сәтбаев»көшесі болып;

«Лермонтов» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесі болып қайта аталсын.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Чернорецк ауылдық округінің әкімі                                  С.Омаров

Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
Дата публикации
08 июня 2023