«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы» Чернорецк ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Занының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің шешімі әзірленді.
«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округінің Чернорецк ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы» Чернорецк ауылдық округі әкімі шешімінің жобасы 2023 жылы 8маусымда «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.