«Отбасы Банкі» «Дипломмен ауылға» жобасын цифрлік форматқа көшірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Отбасы Банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Дипломмен – ауылға» жобасының уәкілетті агенті болып тағайындалды.

    Жобада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру және көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.

       Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алуды жеделдету мақсатында «Дипломмен – ауылға» жобасы цифрландырылды. Қазақстандықтардың жаңа өтінімдері otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн қабылданатын болады.

      «Отбасы Банкінің» мемлекеттік деректер базасымен интеграциясы және Blockchain технологиясын қолдану арқасында азаматтардың билікке физикалық бармау мүмкіндегі пайда болды.

      «Дипломмен – ауылға» жобасына қатысуға өтініш беру үшін оның қатысушысы otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭСҚ арқылы өтінішке қол қоюы қажет.

 Бағдарламаға ауылға енді келген немесе көптен бері тұрып жатқан және онда бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкім орынбасарларын қоспағанда).

     Аудан әкімдіктері мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтар бойынша өз елді мекендерінде сұранысқа ие жұмыскерлердің тізімін қалыптастыратынын айта кеткен жөн. Ал дәл осы тізім аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

       Несиенің максималды сомасы 1500 АЕК-ке дейін, несие мөлшерлемесі 0,01% (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан).

      Несие маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Несиенің максималды мерзімі – 15 жыл. Негізгі шарт – жобаға қатысушы мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

       Қазірдің өзінде 38 мың қазақстандық осындай несие алған. Енді «Дипломмен – ауылға» жобасы аясындағы бұл несиелерге «Отбасы банкінде» қызмет көрсетілетін болады. Сондықтан бұл несиелері бар қазақстандықтар төлемдерді дер кезінде өтеп, келешекте кешіктірілмеу немесе өсімпұл есептемеу үшін банктің клиенті болуы қажет.

     Банктің клиенті болған соң, олар да несие шарттарына еш өзгеріссіз төлем жасауды жалғастырады.

         Банк клиенті болудың бірнеше жолы бар:

 - Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, оны ағымдағы шот пен депозит ашу үшін пайдалану;

 - ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

 - жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарлау.

     «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында қазақстандықтар 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алуға да өтініш бере алады. Сондай-ақ otbasybank.kz платформасы арқылы мемлекеттік қолдаудың бұл түріне өтініш беруге болады.

      Жәрдемақы алуға өтініш пен бюджеттік несиеге өтінішті бір уақытта беруге болады.

      «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша өтініштерді қабылдаудың басталу күнін банк қосымша хабарлайды.

«Отбасы Банкі» «Дипломмен ауылға» жобасын цифрлік форматқа көшірді.
Дата публикации
27 апреля 2023