Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі
«Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» № 23/137 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібінде және мөлшерінде:
1, 4, 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4.Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.».
«6.Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
|
|
|
Баспасөз хабарламасы
Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 23/137 «Павлодар ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімі жобасына
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Енбеқ және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Павлодар ауданында мәслихаты шешімінің жобасына 1, 4, 6 –тармақтарға өзгерістер енгізілді.
«1. Осы Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі -шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.».
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.».
«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.».
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесі мүгедектігі бар балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар балаларды белсенді өмірлік ұстанымға тарту, жалпы орта білім беретін мектеп көлемінде білімді меңгеру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қамту – 12 адамды құрайды.
Жобаны қабылдау шешім теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.
Шешім жобасы 2023 жылғы 9 ақпанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Павладар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуиеттік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Н. Кузят