«Павлодар ауданыныңкәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды ашық талқылау отырысының № 1хаттамасы
Өткізу орны: Павлодар қ Өткізу күні
Каирбаева,32 03.02.2023жыл
Төраға:«Павлодар ауданыныңкәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бөлім басшысыД. С.Досанова
Қатысты: Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі қызметкерлері
Күн тәртібі:
Баяндаушы:А. Магзумова–бас маман мемлекеттік техникалық инспектор
Тыңдады:
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарына сараптама
Бөлім өз қызметін Павлодар ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 28қыркүйекте бекітілген № 327/9 Ережеге сәйкес жүргізеді.
2022 жылы Бөліммен 799қызмет көрсетілді, соның ішінде электрондық түрде – 775(электрондық мем.қызмет үлесі – 97 %)мемлекеттік қызметтің 4түрі бойынша (оның ішінде қағаз жүзінде – 1түрі, электрондық форматта – 3түрі)
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін және тәртібін бұзу болған жоқ.
Павлодар ауданының әкімі аппаратыныңмемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу және жемқорлық қаупін сараптау бөліміне ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы есеп беріліп отырады.
Бөлімнің инстаграмм каналында тұрғындарға ақпарат беру мақсатында заңнамалық актілерге және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына енгізілегн соңғы өзгерістер және қосымшалар жарияланады.
Түсіндіру жұмыстары.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мерзімдері туралы ақпараттандырулығын, сонымен қатар «электрондық үкімет»веб-порталыныңтанымалдығын арттыру мақсатындамемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды түсіндіру шаралары жүргізіледі.
Павлодар ауданының бөлімдер мамандарымен «Open Akimat» фронт-офис негізінде кеңестер беріледі және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар,pavlodar_audanyинстаграмм каналында мем.қызмет көрсету мәселелері бойыншаонлайн жәрмеңкелер өткізілді.
2022 жылғы 9 қыркүйектекәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері үшін Павлодароблысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мамандарымен Этикалық кодекс нормаларын түсіндіру семинары өткізілді.
2022жылы мемлекеттік қызметті электрондық форматта алудыңтанымалдығын арттыру мақсатындатүсіндіру шаралары өткізілді(қамту - 80адам).
Мемлекеттік қызмет көрсету бүгінгі күні үнемі бақылауға алынды.Мемлекеттік қызметтер сапалы және уақытылы көрсетіледі. Қызмет алушыларданмемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ұсыныстар:
1.«Электрондық үкімет»веб-порталында, интернет-ресурстарында, Павлодар ауданының сайтында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептер орналастырылсын.
|
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бөлім басшысы |
Д. Досанова
|
||
|
Бас маман - мемлекеттік техникалық инспектор
|
А.Магзумова
|
|
|