2023 жылғы 29 қаңтарда бір сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1524 азамат енгізілді, олардың 768 дауыс берді.
Әрбіркандидатүшін берілген дауыстар саны:
Жусупов А.С. – 502; Мейрамов А.К. – 80.
Кеңесауылдық округінің әкімі болып Жусупов Аждар Сагынтаевич, 1964 жылы туған, Павлодар облысы, Павлодар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 48 қаулысымен 2023 жылғы 29 қаңтарда сайланған Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы