Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2023 жылғы 18 қаңтарда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2023 жылғы 29 қаңтарғатағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеутуралы» қаулы қабылданды.

2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 18:00дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық сайлау комиссиясы Кеңес ауылдық округінің әкімдігіне ұсынылған 4 кандидаттан 2 кандидатты тіркеді.

- 1964 жылы туған, қазақ, «Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ басшысы, Павлодар қаласында тұратын Жусупов Аждар Сагынтаевич. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.

- 1985 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі бас маманы, Мичурин ауылында тұратын Мейрамов Асхат Куатович,  «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.

         2023 жылғы 18 қаңтардағы сағат 18:00-ден бастап Кеңес ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 27 қаңтардағы сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы»№12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан -15 минут; радиодан -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екімақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.

Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.

Павлодар облысы Павлодар ауданының Кеңес ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
18 января 2023