2023 жылғы 13 қаңтардағы тағайындалатын Кеңес ауылдық округінің әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Павлодар ауданы бойынша барлығы 1 сайлау округінде 4 кандидат, оның ішінде 4 (100%)- өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша округте кемінде екі кандидат ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша кандидат тіркелмеді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

2023 жылғы 13 қаңтардағы тағайындалатын Кеңес ауылдық округінің әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
13 января 2023