Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 29 қаңтарда тағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы

2023 жылғы 13 қаңтарда Кеңесауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Назира ЕриковнаСмагуловаұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 13қаңтардағы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 29 қаңтарда тағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы
Дата публикации
13 января 2023