2023 жылғы 11 қаңтарда Кеңесауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Асхат Куатович Мейрамов ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 13қаңтардағы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.