Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 29 қаңтарда тағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы

2023 жылғы 6 қаңтарда Кеңесауылдық округінің әкіміне өз кандидатураларын ұсыну туралы құжаттарды Аждар Сагынтаевич Жусупов және Хамза Оралбекович Оразбеков ұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 13қаңтардағы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 29 қаңтарда тағайындалған Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы
Дата публикации
06 января 2023