Павлодар ауданының ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Павлодар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Кеңес ауылдық округі шекараларында Кеңес сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімін оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Павлодар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Zaman tynysy», «Нива» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                       

Е.Айдаболов

 

 

Хатшы                                                                      

А. Вакпаева

 

Павлодар ауданының ауылдық округ әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022