Павлодар ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы

Павлодар ауданы әкімі аппаратының құрылымдық

бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы

 

 

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» № 1125 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 21 қазандағы «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 15 бұйрығына сәйкес:

  1. «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі туралы ереже 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  5. «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) туралы ереже 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  6. Аудан әкімінің 2019 жылғы 4 қазандағы «Павлодар ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекіту туралы» № 1-03-97 өкімінің күші жойылсын.
  7. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Т. Оспановаға жүктелсін.

 

 

 

 

Павлодар ауданының әкімі                                                          Ж. Шұғаев

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің

2019 жылғы «____» ______________

№ ____________ өкіміне

1-қосымша

 

 

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі»

құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасымен бекітіледі.
  4. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі:

          1) бөлім басшысынан;

          2) бас маманнан;

          3) бас маманнан тұрады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік суверенитетті, конституциялық құрылымды қорғау және нығайту бойынша саясатын іске асыру, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтарының құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету.

          Функциялар:

1) ішкі саяси ахуалға, ауданның мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғаларының жұмысына талдау жасайды, қоғамдық пікірді зерттейді, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуын болжалайды, қоғамдық өзекті мәселелер жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

  1. Міндет: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың және аудандағы әлеуметтік, экономикалық үрдістерін басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

Функциялар:

1) ақпарат жинауды, өңдеуді жүзеге асырады және аудан әкімін ішкі саясат мәселелері жөнінде ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;

2) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

3)  аудан әкімінің жұртшылықпен байланысын аудан әкімінің сайты мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орнатуды және үнемі дамытуды қамтамасыз етеді;

4) аудан әкімі мен әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және сабағаттық-кеңесші органдармен аудан әкімінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің құқықтары мен міндеттемелері:

7.1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан ақпарат, құжат және басқа да материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау барысын тексеруге және айқындалған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс жасауға;

3) ауылдық округ және ауыл әкімдерінен, ауданның атқарушы органдарының басшыларынан аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды талап етуге;

4) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдарының өз құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі кеңестеріне қатысуға, өкілдікті органдармен (мәслихатпен) өткізілетін мәжілістерге қатысуға;

5) аудан әкіміне аудан бөлімдері мен мекемелерінің, ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының жұмысын жетілдіру жөнінде өз құзыреті бойынша ұсыныстар жасауға құқылы.

7.2. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында:

1) аудан әкімі жұмысының, аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың, аудан әкімінің ресми тұлғалармен сапарларын ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтылуын, аудан әкімінің кеңестерге қатысуы үшін материалдар әзірлеуді;

2) әкімдік отырыстары мен аудан әкімі кеңестерінің ақпараттық-техникалық жағынан қамтылуын, мәжіліс залын кеңестерді өткізуге дайындауды;

3) аудан әкімінің жұмыс кестесін, аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарын әзірлеуді;

4) аудан әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу барысында түскен азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарының жиынтығын жасауды, аудан әкімі және ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде облыс әкімінің аппаратына ақпарат пен есеп беруді және кейін аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру барысына мониторинг жүргізуді;

5) облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді;

6) аудан әкімінің, ауылдық округ және ауыл әкімдерінің, жергілікті мемлекеттік органдарының қызметін көрсететін материалдардың БАҚ-да жарияланымдарының мониторингін;

7) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі аппараты басшысы бұйрықтарының жобаларын жасауды;

8) «Сайлаушы», «Сайлау комиссиялары» ААЖ базасын қалыптастыру мен мониторингін жүзеге асырады. Облыс және аудан әкімі аппараттарымен, ауданның ауылдық округ және ауыл әкімі аппараттарымен, ауданның Әділет басқармасымен сайлаушылар тізімін құру мәселесі жөнінде өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Аудан бойынша алқа билер тізімімен жұмыс істеу;

9) аудан әкімдігінің дербес құрамын, ауданның басқару нобайын құру және аудан мәслихатына келісімге жіберуді;

10) «Павлодар ауданының құрметті азаматы» атағын беруге арналған материалдарды әзірлеуді, Павлодар ауданының Құрметті азаматтары жөніндегі мәліметтерінің есебін және Павлодар ауданы Құрметті азаматтарының кітабын жүргізуді;

11) Павлодар ауданы әкімінің ақпараттық Web-сайтының жағдайын бақылауды, сайттың ақпаратпен уақытында толықтырылуын және жаңартылып отыруын ұйымдастыруды;

12) мемлекеттік органдарға уақтылы есеп беруді;

13) ауылдық округ және ауыл әкімдерімен, облыстық және аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларымен, аудандық мәслихатпен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимылды;

14) құрылымдық бөлімшенің қызметі нәтижесінде жинақталған құжаттардан тұратын архив қорының сақталуын, құжаттаманың мемлекеттік архивке тапсырылуын, бөлімде электрондық құжат айналымының енгізілуін қамтамасыз етуді;

15) мемлекеттік қызметшілерге құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар беруді жүзеге асырады, ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының, аудандық бөлімдердің қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, сайлау комиссияларына өз құзыреті шегінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке иеленеді.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
  5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің

2019 жылғы «____» ______________

№ ____________ өкіміне

2-қосымша

 

 

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімі»

құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімі «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасымен бекітіледі.
  4. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімі:

          1) бөлім басшысынан;

          2) бас маманнан тұрады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері болып:

          1) «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бюджетін құру және оны атқару;

          2) міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарын жасау, оларға бағдарламалар бойынша өзгерістер енгізу;

3) белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау;

4) бюджеттік бағдарламаларды, мекеме бойынша дебиторлық, кредиторлық берешектерді іске асыру барысы туралы есеп беруді құрастыру;

5) қаржыландыру жоспарларын орындау жөніндегі бухгалтерлік есепті жасалып жатқан операцияларды үздіксіз құжаттамалық негізделген көрсету арқылы жүзеге асыру;

6) мекемеде тауар-материалдық құндылықтарды есептеу, сақтау және үлестіру;

7) мемлекеттік сатып алулар үрдістерін жоспарлау, өткізу, талдау болып табылады. 

  1. Негізгі міндеттерге сүйене отырып және өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлімше келесі функцияларды орындайды:

1) «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша барлық жүргізілетін шаруашылық операцияларды бақылайды және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді, бухгалтерлік есеп беруді ұсыну;

2) тиісті органдарға қаржыландыру жоспарын орындау туралы есептерді ұсынады;

3) заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде бухгалтерлік есеп пен есеп беруді және мекеме қызметі туралы толық және шынайы бухгалтерлік ақпаратты уақытында ұсынуды ұйымдастырады;

4) ақшалай қаражатты, тауар-материалдық құндылықтарды, ұйымдармен есептесулерді түгендеуді жүзеге асырады;

5) мүлікті, міндеттемелерді, түсетін негізгі қаражатты, ТМҚ-ды есептеуді, олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақытында көрсетуді жүргізеді;

6) «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-де тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулердің мемлекеттік сатып алуларын жоспарлайды, өткізеді, олар туралы есеп беруді құрастырады.

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің құқықтары мен міндеттемелері:

7.1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін:

1) «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің өзге құрылымдық бөлімшелерінен қажетті құжаттар, есептер, есеп берулер және құрылымдық бөлімшеге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да материалдар сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде қызметтік хат-хабар жазысуды жүргізуге;

3) еңбек үшін төлеу қорын жұмсаудың, қаржылық, бюджеттік және кассалық тәртіптің, сондай-ақ түгендеу өткізудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға;

4) құрылымдық бөлімшенің функцияларын орындау үшін қажетті басқа да құқықтарға ие болуға құқылы.

7.2. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында:

1) тиісті есеп учаскелеріндегі бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылауды және есептік өңдеуге дайындауды, бухгалтерлік есепте ақшалай қаражат пен ТМҚ қозғалысымен байланысты операцияларды көрсетуді;

2) тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер қажеттілігінің жоспарлы номенклатурасын белгілеу және жасауды;

3) аудан әкімі аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер мемлекеттік сатып алуды шығыстар сметасының шегінде жоспарлау және жүзеге асыруды, олардың дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етуді;

4) ТМҚ-ны қабылдау мен босатуды рәсімдеудің белгіленген ережелерін сақтауды;

5) бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беру мәліметтері бойынша қаржылық-шаруашылық қызметті талдауды жүргізу. Ақшалай қаражатты, ТМҚ, есептер мен төлем міндеттемелерін түгендеуді өткізуді;

6) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды архивке тапсыру үшін белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеуді қамтамасыз етуді;

7) аудан әкімі аппаратының міндеттемелері мен төлемдері жөніндегі қаржыландыру жоспарларын жасауды;

8) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне, техникалық қызметкерлерге, аудан әкімі аппаратының жүргізушілеріне жалақыларын, мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналарды дұрыс есептеу және уақытында аударуды, қорларға қаражат есептеулерін бөлуді;

 9) ақшалай қаражатты, ТМҚ, негізгі қорларды, есептер мен төлем міндеттемелерін түгендеуді өткізуді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке иеленеді.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
  4. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы мекеменің құрылымы мен штаты жөнінде басшыға ұсыныстар жасайды.
  5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

Аудан әкімінің

2019 жылғы «____» ______________

№ ____________ өкіміне

3-қосымша

 

 

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі»

құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасымен бекітіледі.
  4. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі:

          1) бөлім басшысынан;

          2) бас маманнан;

3) бас маманнан;

4) бас маманнан тұрады.

 

  1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың және аудандағы әлеуметтік, экономикалық үрдістерін басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

          Функциялар:

          1) мемлекеттік тілдің әр жерде қолдануына бағытталған шаралар қабылдайды;

          2) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастырады;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, қызметтік хаттардың қаралуын қамтамасыз етеді;

          4) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

          5) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, мемлекеттік мекемеде іс қағаздар жүргізуді ұйымдастырады;

6) аудан әкімі мен әкімдігімен шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің рәсімделуін, шығарылуын және түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

7) отырыстар мен кеңестердің хаттамаларын тиісті рәсімдеуді және сақтауды жүзеге асырады;

8) құрылымдық бөлімшелердің индекстерін және мемлекеттік мекеменің жиынтық істер номенклатурасын құрастырады;

9) архивке тапсыруға жататын істердің дұрыс құрастырылуын, рәсімделуін және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің құқықтары мен міндеттемелері:

6.1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау барысын бақылауға және айқындалған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс жасауға;

2) мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан өз міндеттерін  орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

3) аудан әкіміне аудан бөлімдері мен мекемелерінің, ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының жұмысын жетілдіру жөнінде өз құзыреті бойынша ұсыныстар жасауға;

4) құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардың ауызша және жазбаша түсініктемелерін тыңдауға;

5) ауылдық округ және ауыл әкімдерінен, ауданның атқарушы органдарының басшыларынан аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды талап етуге;

6) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдарының өз құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі кеңестеріне қатысуға;

7) өкілдікті органдармен (мәслихатпен) өткізілетін мәжілістерге қатысуға құқылы.

6.2. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес аудан әкімінің аппараты қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін;

2) аудан әкімінің аппаратында құжат айналымын оңтайлы ұйымдастыруды жүргізудің және құжаттармен жұмыс сапасын арттырудың қамтамасыз етілуін, аудан әкімінің аппаратында ақпараттық технологияларды дамыту және электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу қамтамасыз етілуін;

3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын;

4) қызметтік ақпараты бар құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 ҚПҮ қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес рәсімдеу, есепке алу, пайдалану бойынша жұмысты;

5) аудан әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық және өкімдік құжаттардың түпнұсқаларын тіркеуді, есепке алуды,  шығаруды және сақтауды, аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерімен тиісті лауазымды тұлғалардың үш күннің ішінде танысуын;

6) әкімдік отырыстарының материалдарын қалыптастыру және дайындауды, аудан әкіміне ақпараттың уақтылы дайындалуын қамтамасыз етуді;

7) әкімдік отырыстары мен аудан әкімі кеңестерінің ақпараттық қамтылуын, аудан әкімдігі отырыстарының және аудан әкімі, аудан әкімі аппараты басшысы кеңестерінің хаттамаларын стенограммалау, жүргізу, тиісті рәсімдеу және сақтауды;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері бойынша берген облыс әкімі мен оның орынбасарларының бұрыштамаларын, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін, бұрыштамалары мен тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың басқа да құжаттарын орындау мерзімдеріне жалпы бақылауды;

9) аудан әкімінің Құрмет грамотасы, алғыс хаты, атаулы және мерекелі күндерге құттықтауларын, некрологтар әзірлеуді;

10) қатаң есептегі елтаңбалы бланктердің, аудан әкімінің елтаңбалы мөрінің сақталуы мен есебін, бүлінген қатаң есептегі бланктерді жою жөнінде акт жасауды;

11) аудан әкімі аппаратының жұмысы үшін қажетті телефон анықтамалығын құрастырып шығаруды, бөлім құзыретіне жататын мәселелер жөнінде аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын жасауды;

12) мемлекеттік мекеменің іс номенклатурасын бекіту, аудан әкімі аппаратының құжаттамасын архивке тапсыру мәселесі жөнінде облыс архивтер басқармасымен өзара іс-қимыл жасауды;

13) мемлекеттік қызметшілерге өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша консультациялар беруді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке иеленеді.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
  5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің

2019 жылғы «____» ______________

№ ____________ өкіміне

4-қосымша

 

 

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік-құқықтық бөлімі»

құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Мемлекеттік-құқықтық бөлім «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органның өкілетті лауазымды тұлғасымен бекітіледі.
  4. Мемлекеттік-құқықтық бөлім:

          1) бөлім басшысынан;

          2) бас маманнан;

3) бас маманнан;

4) бас маманнан тұрады.

 

  1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндет: Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік суверенитетті, конституциялық құрылымды қорғау және нығайту бойынша саясатын іске асыру, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтарының құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету.

          Функциялар:

          1) аудан әкімі мен әкімдігі қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық қамтылуын жүзеге асырады;

          2) аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және облыстық, аудандық бағдарламалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің құқықтық қамтылуын жүзеге асырады;

4) аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарға заңгерлік сараптаманы жүзеге асырады;

5) мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайы мәселелері жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

6) Павлодар ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторингті жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз етеді;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте азаматтық хал актілерінің тіркелуін қамтамасыз етеді;

9) талап арыздық жұмысты, прокурорлық әрекет ету актілерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады;

10) нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүзеге асырады.

  1. Міндет: Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтардың құқықтық санасы мен олардың белсенді азаматтық ұстанымы деңгейін арттыру бойынша шараларды іске асыру.

Функциялар:

1) аудан әкімінің құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен қылмыстылыққа және сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерінде өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің құқықтары мен міндеттері:

7.1. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде көзделген өкілеттіктерін іске асыру үшін:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау барысын бақылауға және айқындалған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс жасауға;

2) ауылдық округ және ауыл әкімдерінен, ауданның атқарушы органдарының басшыларынан аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды талап етуге;

3) мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан өз міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен құжат сұратуға және алуға;

4) аудан әкімдігінің отырыстарына, аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың өз құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі кеңестеріне қатысуға, өкілдікті органдармен (мәслихатпен) өткізілетін мәжілістерге қатысуға;

5) аудан әкіміне аудан бөлімдері мен мекемелерінің, ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының жұмысын жетілдіру жөнінде өз құзыреті бойынша ұсыныстар жасауға;

6) құзыретіне жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардың ауызша және жазбаша түсініктемелерін тыңдауға құқылы.

7.2. Мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі осы ережеде ескерілген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында:

1) сотта, сондай-ақ басқа органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіпте аудан әкімінің өкілі болуды;

2) аудан әкіміне қол қоюға ұсынылатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, шарттар мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестігіне тексеруді;

3) жобаның аудан әкімдігі мен әкімінің құзыретіне, заңдық техника ережелеріне, жоғары дәрежедегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізуді, сондай-ақ қабылданатын актінің түрін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік тіркелу қажеттілігін белгілеуді;

4) ауылдық округ және ауыл әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізуді;

5) аудан әкімдігі мен әкімінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне тұрақты түрде талдау жасауды, қажет болған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға өзгеріс енгізілуін, жойылуын, не күшінің жойылуын қамтамасыз етуді;

6) аумақтық әділет органымен аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері жөнінде өзара іс-қимылды, актілерді мемлекеттік тіркеу мен жариялау қажеттілігі жөнінде шешім қабылдауды;

7) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерді жариялаудың мониторингін жүргізуді, келіп түсетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі есебін және сақталуын ұйымдастыруды;

8) аудан әкімі аппаратының шаруашылық-өкімдік қызметі бойынша жобаларды тексеру және шарттарға қол қоюды;

9) ауданның атқарушы органдарының, ауданның ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін сақтауын ұйымдастыруды және бақылауды;

10) құқық қорғау қызметі мен қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қоғамдық құрылымдар мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;

11) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын құруды, отырыстың күн тәртібін және Үйлестіру кеңесі отырысына материалдар дайындауды, отырыс хаттамаларын рәсімдеуді;

12) талап арыздық жұмысты жүргізуді;

13) жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыруды, ауылдық округ және аудандық қызмет мамандарына арналған семинарларға қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және дәріс оқумен қатысуды, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңдарын білуін тексеруге тестілер әзірлеуді және тестілеу жүргізуді;

14) ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарындағы қоғамдық құрылымдардың құқықтық жұмысын тексеру жүргізуді, оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді;

15) прокуратура, әділет, АІІБ органдарымен, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімімен өзара іс-қимылды, аудандағы түрлі комиссиялар мен Үйлестіру кеңестерінің жұмыстарына қатысуды;

16) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, құқықтық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бағдарламалардың орындалуына бақылауды;

17) прокурорлық әрекет ету актілерін қарауды және оларға ақпарат дайындауды;

18) алқа билер тізімдерін құрастыру мәселелерін басқаруды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша негізделген жауапты дайындауға қатысуды;

19) нотариалды іс-әрекеттер жасайтын мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өтуіне мониторинг жүргізуді, әділет органдарымен осы мәселе жөнінде өзара іс-қимыл жасауды;

20) жеке бөлімдердің және аудан әкімі аппаратының бөлімдерінің, ауылдық округ және ауыл әкімдері аппараттарының басшыларына түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және рәсімдеуге құқықтық көмек көрсетуді;

21) мемлекеттік органдарға есептердің уақтылы ұсынылуын;

22) бөлімнің қызметі нәтижесінде жинақталған құжаттардан тұратын архив қорының сақталуын қамтамасыз етуді, құжаттаманың мемлекеттік архивке тапсырылуын, бөлімде электрондық құжат айналымының енгізілуін жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті құзыретке иеленеді.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі жөнінде ұсыныстар жасайды.
  5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құрылымдық бөлімшенің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

Аудан әкімінің

2019 жылғы «____» ______________

№ ____________ өкіміне

5-қосымша

 

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
туралы ереже


  1. Жалпы ереже

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) кадр қызметінің басшысынан;

2) бас маманнан;

3) бас маманнан тұрады.

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің)
    негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде персоналды басқарудың «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамуы, оның ішінде қайта даярлау, біліктілікті арттыру, тағлымдамаларды ұйымдастыру жолымен  қамтамасыз ету;

3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру, оларды аттестаттау рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді.

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру жөніндегі ұсыныстар енгізу.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) оған Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

  1. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің)

қызметін ұйымдастыру

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның жауапты хатшысына (ал жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органда – аппарат басшысына, аппарат басшысы лауазымы болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысына) тікелей бағынады.

 

 

Павлодар ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы
Дата публикации
06 января 2020