Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында Павлодар ауданының ауылдық округ әкімдері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды.

         Павлодар ауданының Қоғамдық  кеңесінің отырысында Павлодар ауданының ауылдық округ әкімдері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды.

         Аталған мәселе бойынша Павлодар ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Г. К. Сейтқазина хабардар етті.

         Бүгінгі таңда Павлодар ауданының әкімдігінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша 25 құқықтық жалпы оқыту өткізілді; дербес бөлімдерде және ауылдық округ әкімдіктерінде мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стендтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі материалдар орналастырылды.

         Павлодар ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оның барысында Әдеп кодексінің нормалары, қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың негізгі стандарттары түсіндіріледі. Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде  айында Павлодар облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ш. Ағжанбаевтың қатысуымен мемлепкеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заңнамасы, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексін сақтау мә елелер бойынша семинар өткізілді.

         2022 жылдың 11 айында 34 мемлекеттік әкімшілік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 17 - Ескертулер, 8 – сөгіс, 4 – қатаң сөгіс, 5 – қызметтік толық емес сәйкестік туралы ескерту алды.

         Мәселені талқылау барысында округ әкімдерін қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

         Қоғамдық кеңес Павлодар ауданы әкімі Е.и. Иманслямның Набережное ауылындағы кентішілік жолдарды пайдалануға беру мерзімін бұзғаны үшін Григорьев ауылдық округінің әкімі М. К. Смағұловқа тәртіптік жаза қолдану туралы шешімімен келісті.

         Заря ауылдық округінің әкіміне қатысты аудан әкімі Е. И.Иманслямға ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Бухгалтерлік есеп жөніндегі маманның болмауына байланысты тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің бұзылуында көрсетілген қызметтік міндеттерін жосықсыз орындағаны үшін округ әкімі Р. Н. Қапановты тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында Павлодар ауданының ауылдық округ әкімдері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды.
Дата публикации
22 ноября 2022