Қоғамдық кеңестің бастамасымен Павлодар ауданында азаматтық қоғам слеті өтті.

Қоғамдық кеңестің бастамасымен Павлодар ауданында азаматтық қоғам слеті өтті. Слетқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Слетта қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселесін, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын талқылады.

Слет модераторы, Қоғамдық кеңес төрағасы Б. Т. Баткеев "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы, оның ішінде жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін айқындау, жергілікті бюджеттің атқарылуын қабылдау және мониторингілеу және т.б. мәселелеріне қатысты тармақтарын егжей-тегжейлі айтып, жергілікті қоғамдастық қызметінің құқықтық негізіне назар аударды.

         Слетте "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы да талқыланды. Аудандық мәслихат хатшысы В.А. Гейнц азаматтарды қабылдау үшін қолданыстағы инфрақұрылым (open akimat кеңселері, әлеуметтік фронт-офистер, бірыңғай байланыс орталығы - 109), азаматтардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшу туралы айтты. Слет қатысушыларына Е-Өтініш жүйесінде жұмыс көрсетілді.

         Слет қатысушылары тәжірибе алмасу, жаңа білім алу үшін жиі кездесулер өткізуге тілектерін білдірді.

         Слетқа қатысқан Павлодар ауданының әкімі Е. И. Иманслям өткізілген іс-шараға ризашылығын білдіріп, азаматтық қоғам мүшелерін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға белсенді қатысуға шақырды.

 

 

Қоғамдық кеңестің бастамасымен Павлодар ауданында азаматтық қоғам слеті өтті.
Дата публикации
31 октября 2022