2022 жылғы 9 қазанда бір сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1452 азамат енгізілді, олардың 529 дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жусупов А.С. – 90; Қантарбаев М.Қ. – 166; Мейрамов А.К. – 10; Смағұлов М.Қ. – 218.
Григорьевка ауылдық округінің әкімі болып Махмет Қатайұлы Смағұлов, 1965 жылы туған, Павлодар облысы, Павлодар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 11 қазандағы № 40 қаулысымен 2022 жылғы 9 қазанда сайланған Павлодар ауданының Григорьевка ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы