Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес, 2022 жылғы 27 маусымдағы № 2 конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалпы ауданы 3350,95 га жер учаскелері ауданның запас жерлері санатынан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер санатына аударылсын.
  2. Жеке және заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы бөлінетін жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.
  3. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңында қарастырылған тәртіппен міндетті тіркеуге жататыны түсіндірілсін.
  4. Шектес жер пайдаланушылардың өз жер учаскелеріне өтуі және жүруі үшін сервитут белгіленсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Нұрмағамбетовқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                Е. Иманслям

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы
Дата публикации
11 октября 2022