«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ұйымдастырушы) 2022 жылғы 28 қарашадағы сағат 15.00-де шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, акт залы.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
№ р/н |
Лот№ |
Алаңы, га |
Топырақтыңсапалықсипаттамасы |
Бонитет балы |
Өңірдіңауылшаруашылығынамамандануы |
Жалгерлікке беру мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері, ауылдық округі |
Сумен қатамасыз дандырылуы |
|
1 |
1065 |
Жалпы ауданы 986 га, соның ішінде жайылым 982,6 га, өзге алқаптар 3,4 га |
қоңыр топырақ |
15 |
өсімдік шаруашалығы мал шаруашылығы |
15жыл |
Чернорецк ауылдық окруі |
жоқ |
|
2 |
1066 |
Жалпы ауданы 367,9 га, соның ішінде шабындық 310 га, өзге алқаптар 57,9 га |
қоңыр топырақ |
26 |
өсімдік шаруашалығы мал шаруашылығы |
15жыл |
Чернорецк ауылдық окруі |
жоқ |
|
3 |
1067 |
Жалпы ауданы 45,6 га, соның ішінде егістік 45,6 га, өзге алқаптар 0,1 га |
қоңыр топырақ |
15 |
өсімдік шаруашалығы мал шаруашылығы |
15жыл |
Заря ауылдық округі |
жоқ |
|
4 |
1069 |
Жалпы ауданы 196,1 га, соның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым 195,4 га, өзге алқаптар 0,7 га |
қоңыр топырақ |
14,3 |
өсімдік шаруашалығы мал шаруашылығы |
15жыл |
Заря ауылдық округі |
жоқ |
|
5 |
1017 |
Жалпы ауданы 1,5 га, соның ішінде жайылым 1,5 га |
қоңыр топырақ |
15 |
өсімдік шаруашалығы мал шаруашылығы |
15жыл |
Черноярка ауылдық окруі |
бар |
|
Барлығы: жалпы ауданы 1597,1га, соның ішінде егістік 45,5 га, жайылым 984,1 га,түбегейлі жақсартылған жайылым 195,4 га,шабындық 310 га, өзге алқаптар 62,1 га |
||||||||
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қатысушы конкурстық өтінімді мөрлейді, онда: өзінің атауы мен мекенжайын; конкурсты ұйымдастырушының және оның мекенжайын көрсетеді «Шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс» және (ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2022 жылғы «28» қараша сағат 15.00-геДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері ұйымдастырушыға Павлодар қаласы, Толстой көш. 10., пошта индексі –140000 мекенжайына, қабылдау мерзімінде
2022 жылғы 7 қарашадан бастап 2022 жылғы 25 қарашасы сағат 18:00 дейінқолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.
Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға өтінімде әрбір лот бойынша (бірнеше лотқа өтінім берілген жағдайда) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы мәліметтерді нақты ажырату қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің өтініміңіз осы өлшем бойынша қаралмайды.
Павлодар ауданының аумағында кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі. Тұрғылықты жері туралы мәліметтерді конкурстық өтінім құрамында ауылдық округ/ауыл әкімінен анықтама түрінде ұсыну қажет.
ЗТ үшін өтінім үлгісі
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫҒА - «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
№__________ лот бойынша
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Осы өтінімге қоса беріледі:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасуға міндеттенемін.
__________ ______________ ____________________________
күні (Қолы) (лауазымы, Т.А.Ә..)
___________________________________________________________________________________________________________
ЖТ үшін өтінім үлгісі
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫҒА - «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
№__________ лот бойынша
1.Т.А.Ә._____________________________________________________________________________
5.Жер учаскесі орналасқан орыны __________________________________________________________
6.Азаматтығы ______________________________________________________________
7.Отбасы жағдайы және жұбайының азаматтығы ______________________________________________________________
Осы өтінімге қоса беріледі:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, көрсетілген шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасуға міндеттенемін.
__________ ______________ ____________________________
күні (Қолы) ( Т.А.Ә..)