Павлодар ауданында халық саны 25882 адамды құрайды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар - 1444 адам.
2022 жылдың 19 мамырдағы № 25/142 шеші «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары» халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Павлодар аудандық мәслихатының бекітілді, онда мынадай әлеуметтік төлемдер көзделген:
кірісті есепке алмағанда:
біржолғы материалдық көмек:
Жеңіс күніне орай:
Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 150 000 теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 150 000 теңге мөлшерінде;
Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Отан қорғаушылар күніне орай:
Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.
Сауықтыруға тоқсан сайынғы материалдық көмек:
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға 10 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 10 АЕК мөлшерінде;
Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай - ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына-10 АЕК.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай:
атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге 2,4 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек.
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні:
саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына біржолғы материалдық көмек 10 АЕК.
30 тамыз-ҚР Конституциясы күні:
біржолғы материалдық көмек:
мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 АЕК мөлшерінде;
ҚР колледжінде ақылы негізде оқитын мүгедек адамға 30 АЕК мөлшерінде;
ҚР ЖОО-да ақылы негізде оқитын мүгедек адамға 60 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президенті күні:
біржолғы материалдық көмек:
2 АЕК мөлшерінде ең төменгі зейнетақы алатын тұлғаларға;
80 және одан да көп жастағы зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын адамдарға 3 АЕК мөлшерінде;
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға 5 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Әлеуметтік төлемдер:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға 100 АЕК мөлшерінде;
онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (ЖИТС) ауруымен ауыратын адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
«жүйелі қызыл жегі» ауруымен ауыратын адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
АӘК алушылар қатарындағы азаматтарға қатты отын сатып алуға 20 АЕК мөлшерінде;
мүгедектігі бар адамдарға 1 топ санаторий-курорттық емделуге жеке көмекшілердің ілесіп жүруіне 55 АЕК мөлшерінде;
Тәжік-Ауған учаскесінде, Таулы Қарабақта санаторлық-курорттық емделуге қатысқан чернобыльдықтарға, ауғандықтарға, әскери қызметшілерге 50 АЕК мөлшерінде.
ай сайынғы материалдық көмек:
мүгедектігі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын адамдарға 3 АЕК мөлшерінде;
гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге 7 АЕК мөлшерінде;
туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, амбулаторлық емдеудің қолдау сатысындағы науқастарға 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.
Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша әлеуметтік көмекке 67,3 млн.теңге бөлінді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2196 адамды қамту көзделген.
2023 жылға ақшалай қаражатқа қажеттілік 72,0 млн. теңгеден астам соманы құрайды.