Павлодар ауданы бойынша "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны" іске асыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бекітілді.

Ағымдағы жылдың басынан жұмыспен қамту шараларымен 1035 адам қамтылды, оның ішінде:

- Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге жоспар бойынша 15 адам жолданды және оқытылды - 15 адам ("тігінші", "сатушы" мамандығы бойынша), жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға жоспар бойынша 8 адам жолданды және оқытылды - 8 адам ("тігінші"мамандығы бойынша).

- тұрақты жұмыс орындарына жоспар бойынша 576 адам, 446 адам жұмысқа орналастырылды.

- уақытша жұмыс орындарына 237 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

- жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 25 адам, 27 түлек жұмысқа орналастырылды;

- әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 43 адам, 42 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды;

- қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 150 адам, 154 адам жұмысқа орналастырылды;

- күміс жасқа жоспар бойынша 9 адам, зейнеткерлік жас алдындағы 8 адам жұмысқа орналастырылды;

- бірінші жұмыс орнына жоспар бойынша 4 адам, жұмысқа орналастырылды-5 адам;

- ұрпақтар келісімшартына 1 адам жұмысқа орналастырылды;

- жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 138 адам енгізілді (жоспар бойынша 220 адам);

- қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 23 адам енгізілді (Монғолия, Өзбекстан);

- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар бойынша 81 адам, 137 адам жолданды.

-жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 80 адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

8 грант берілді, оның ішінде 2 мүгедек адамға және 6 көп балалы отбасыға (400 АЕК).

Аудандық комиссиямен жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін грант алуға 43 үміткердің өтініші қаралды (жастар - 25, ХӘОТ - 18), 41 өтініш мақұлданды.

– 84 отбасына АӘК тағайындалды, оның ішінде 403 адам.

 

Павлодар ауданы бойынша "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны" іске асыру.
Дата публикации
22 сентября 2022