Баспасөз хабарламасы
2022 жылдың 14 сәуірдегі «Павлодар аудандық мәслихатының «Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» № 23/137 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасының
2022 жылдың 27 маусымдағы № 129-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы шешімнің жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленді. Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Шешімнің жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «мүгедек балалар», «мүгедек бала», «мүгедек балаларға», «мүгедек балалар» деген сөздер тиісінше «мүгедек балалар», «мүгедек бала», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балалар» деген сөздермен ауыстырылды.
Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесі мүгедектігі бар балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар балаларды белсенді өмірлік ұстанымға тарту, жалпы орта білім беретін мектеп көлемінде білім алуға жағдай жасау болып табылады.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қамту - 16 адамды құрайды.
Жобаны қабылдау шешім теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы 2022 жылғы 19 қыркүйекте «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Павлодар ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ басшысы Н. Кузят
Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі
«Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы» № 23/137шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Павлодар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағыкемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
Павлодар аудандық |
Павлодар ауданында мүгедектігі барбалаларқатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарынөндіріп алу тәртібі және мөлшері
1.Осы Павлодар ауданында мүгедектігі барбалалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшеріҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген)бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттікқызметін көрсетуқағидаларына (бұдан әрі -шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
3.Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа)отбасының табысына қарамастанмүгедектігі бар балалардыңата-анасының біреуіне немесе өзгеде заңды өкілдеріне беріледі.
6.Оқуға арналған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.
.