Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қазанда тағайындалған Григорьевка ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы

 

2022 жылғы 16қыркүйекте Григорьевка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Аждар Сагынтаевич Жусупов және Максут Кайриденович Кантарбаев «AMANAT» партиясынан ұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 23қыркүйектегі жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қазанда тағайындалған Григорьевка ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы
Дата публикации
16 сентября 2022